Ана - дарасың сен маған!
Аналар сіздерсіздер, көктемнің жылы шуағы,
Сіздерменен бар әлем шұғыланып тұрады
Бұл әлемді тербететін- аналар,
Сіздерсіздер, әрбір үйдің нұрлы шырағы!
Аналар сіздерсіздер, көктемнің жылы шуағы,
Сіздерменен бар әлем шұғыланып тұрады
Бұл әлемді тербететін- аналар,
Сіздерсіздер, әрбір үйдің нұрлы шырағы!
Балабақша отаны
Шырайлы бұл-Шымқала.
Жұмыссызға жұмысты
Үйіп берген-Шымқала.
Көз жетті бүгін осыған.
Өмір теңіз ғой тасыған.
Тасыған толқынмен алысып,
Тек қана алысқа асығам.
Сені ойласам -
Сол күзгі жапырақтың иісі аңкып,
Өн бойыма еніп алып мезі етердей күй тартып мазалайды.
(Көзімнің карашығы улкейіп)
Керек болды нендей шара?
Қияң шыңнан құлап түстім,
Қиялдықпен өрлей сала
Бергін Алла тағдырын бірақ, құстың
Алыптықты көргiң келсе,
Осы ағашты көр мықты.
Шор-шор бұтақ, терең тамыр орнықты.
Найзағайдың жебесiне шыдаған,
Жауына семсер ұстап шапқылаған,
Бабам-ай,
Қулық-сұмдық пәк күнәдан.
Арғымағың тұяғы қазған жерден,
Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.
Өмір деген - тоқтығы емес қарынның,
Өмір деген - адалдығы арыңның.
Саған тілер жалғыз менің тілегім,
Қадірін біл қолыңдағы барыңның.
Жүректегі жеткізетін жырымды,
Тілім - қазақ, ұшқын атқан жалыны.
Ақтаратын өлеңім мен сырымды,
Тілім - қазақ, түркілердің сарыны.
Анда барсаң шындық жоқ,
Мында барсаң шындық жоқ.
Ақ көгершін – қарға боп
Ақ сұңқарым – құзғын боп!
Күнге де оны ұқсатам,
Айға да оны ұқсатам.
Олар бірақ аспанда
Қанат байлап ұшпасам.
Ақ бас шыңнан басталған айна бұлақ,
Ақ моншағын шашады сайдан құлап.
Зәмзәм суын татсамда таңдайыма,
Ташысындай дәл сенің қайда, бірақ?
Бостандықты ту еткен бабаларым,
Азаттықты аңсаған аналарым.
Отарлықтың бұғауын бұзып-жарып,
Теңдік үшін жыртысқан жағаларын.
Махаббатқа қарап жүріп шошына
күйін кешіп көбелектің жүрген ем.
Ғашықтықтан есі кеткен досыма
Мен ішімнен күлген ем.
Мен қазақпын, әр бауырын ерсінген,
Бауырлы елін дұшпаны да көрсінген.
Қынабынан қылышының қан тамған,
Еңбегінің жемісіне тер сіңген.
Биік еді, әрқашан киелі еді,
Тәнті қылған қазақтың күй өнері.
Мен әркез биік ұстап өзге өнерден
Өнеге өлшемімен сүйем оны.
Күмістелген күмбір-күмбір сырғасы,
Күміс сырға ғасырлардың сырласы.
Бәйшешектей Алаштың ай аруы,
Сәмбі талдай сұңғақ біткен тұлғасы.
Әкешім – заңғар тауым, тас қамалым,
Айнымас әркез сенің қас-қабағың.
Алдыңнан қанша дауыл соқса дағы,
Қайыспас мінезіңді тастамадың.
"2050" жолдауы Елбасының,
Діттегені жаңарту елдің ісін.
Əлеуметін көтеріп халқымыздың,
Толықтырып жеткізу кемшін тұсын.
Сіз-қызанақ, мен-қияр...егілдік жерге құнарсыз
Бейнемнің көріп бүдірін, ұялып күннен тұрарсыз
Бойымнан сарқып бар нəрін, құйдым кеп тамырыңызға
Біз емес ұялмаңызшы... қараңғы мынау түн арсыз
Кінәләңдар, керек болса кінәлі,
Оңды солды үйіңдер кеп кінәні.
"Жазықсызбын" -дей алмаймын себебі,
Алла алдында күәһармын күнәлі.
Қараөзек шақ қара өзеннен аққан күн,
Зар азапқа қыршындарым тапталдың.
Шейіттерім қиығындай шұғаның,
Сәйір қылды жас жүрекпен атпалдық.
...Мен - әйелмін...
Жылап та тұрып күле алам,
Құлап та жатып жүре алама.
Мен - әйелмін өйткені
Тілім ащы болса да, жүрек тəтті,
Талай жандар үнсіз тек тілін қатты.
Қолы емес, тілі боп кісендеулі,
Жарқыраған күндер де торда батты.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі