Ғашығым менің
Жанымда жүріп,жаныма медет Боласың ба?
Жанымда менің Айтшы,мәңгі Қаласың ба?
Немесе менің жүрегіммен ойнап,
Бәз біреудең құшағына кетіп Қаласың ба?
Жанымда жүріп,жаныма медет Боласың ба?
Жанымда менің Айтшы,мәңгі Қаласың ба?
Немесе менің жүрегіммен ойнап,
Бәз біреудең құшағына кетіп Қаласың ба?
Түн еді ол — қыз көзін ілмеген,
Жұлдыздар жымиып күлмеген.
Түн еді ол табиғат дүлейің
Дүниеде не барын білмеген.
Өмірден болмаса да көп көргенім,
Қаншама қиындықты өткермедім.
Құлап түссе тауды да көтеретін,
Жүрегім, қырық жамау өткел ме едің,
Білмеймін, кімнен сонда қызғандым мен,
Әлде анау аспандағы қызған күннен.
Әлде анау тана көл ме толықсыған,
Әлде анау сықылықтап қыздан күлген.
Бақыт қайда?
Бақыт мүнкін ақшама?
Өзіңде жоқ,бірақ бар-бар басқада.
Бақыт іздеп жүрсең егер досым-ау,
Дүние жайлы əңгімені бастама.
Дұғай сәлем, алыс жүрген қызыңнан,
Біле білсең мен де өзіңдей қызу жан.
Салқындығым — асқар құшқан мұзыңнан,
Қызбалығым — шаңқай күннен қызынған.
Туып өстім тамаша Жуалымда!
Жуып өскем бетімді бұлағында.
Тамылжыған табиғат кең далама,
Мың төгілер жүректен жыр ағыла!
Кең жазира, кербез далам, қымбаттым,
Мен төсінде іңгәладым, тіл қаттым.
Көгершіндей қалықтатып көгіңе,
Өміріме өшпес жалын, нұр жаптың.
Көп–ау жандар арманына жетпеген де, жеткен де
Өмір құшқан ақын жаны лапылдаған от кейде.
Гүл атқызам ақ арманды көктеменің өзіндей,
Өр теңіздің өзі берген тасқыны бар тек менде.
Сыйладың маған, жұртым, дала гүлін,
Өзіңнен тасқын шабыт алады үнім.
Кешегі құлазыған Мырзашөл бұл,
Кетіпті гүлге айналып дала бүгін.
Қалды-ау кейін қимай
қарап Билікөл,
Қалды-ау, кейін жаутаңдаған қилы бел.
Қазағыңа барсаң алар көтеріп,
Жеріңе келіп тұрмын, Жамбыл ата,
Кеудемнен кербез көлге ән құлата.
Жасынды бер деп, сірә, тілемеймін,
Ақжолтай батаңды бер, даңғыл ата.
Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.
Ауылға, достар, ал кеттім,
Серігім болар кімің бар.
Келеді кейде әндеткім,
Соны ұғып жұлдыз жымыңдар.
Байқатар ма керуен жылдар озғанын,
Байқатар ма асыл кездік тозғанын.
Байқатар ма кеудедегі бір үміт,
Арман атты асуға қол созғанын.
Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі