Анажаным!!!
Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!
Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.
Мәңгілік ел-қазағымның өткені мен кеткені,
Мәңгілік ел-халқымның арадағы өткелі.
Мәңгілік ел ұғымы қасиетті,кадірлі,
Елітеді-ау жанымды,нұрға бөлеп таңымды.
Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.
Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!
Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде,
Маңайыма нұр шуағын шашқан кезде,
Демеу болдың «Әке-Ана» деп ең алғаш
Титтейімде жердің бетін басқан кезде.
Алмасып жылдар ғасырдың ізгі дертімен,
Өрледі заман, тарихын жалғап еркімен.
Маңғазды дала-Маңғыстау тарих дастаным,
Бұл күнде шаһар алысқа жетті көркімен
Жаным сені сүйемін ғой бұл күні,
Бұл сөздерім ғашық жанның бір үні.
Елестейді кереметтей келбетің,
Ойлап жатып еске алған әр түні.
Махаббат бір мен үшін өлшеусіз оқ
Сезім барда өшпейтін ғұмырлы шоқ.
Лира барда мен өлмеймін тәңір Алла;
Өмірге айтарым ия, ажалға жоқ!
Жеңген сәтте сабыр ет
Жеңілмеуім мақсат деп.
Талаптан бала жалықпа
Еңбекке әркез түр білек.
Сындар көп тиер соққы сағанда дөп
Соққы алған жағдайда шыда сен күт
Уақыты келген кезде сен ұрарсын
Қорған достым еш сынба қолыңды бүк.
Санаулы күндер өтпесін бекер
Өзіңді күнде құр алдай.
Талаптан, оқы, білім ал іскер
Еңбектен, жатпа жүр талмай.
Жылдар өтіп, ғасыр жылжып барады,
Кімдер саған ғашық болып қарады?
Ғашық жандар ақын болып, атағы олардың тарады,
Таулар асып, шыңдарды олар жарады.
Өміріміз қасірет пен өтірікке толар ма?
Сол себептен өмір гүлі солар ма?
Қалғаны тек сендегі бір намысың,
Намыс кетсе адамдықтан қалар ма?
Ғашығым-ау ғашығым,
Түскен алшы асығым.
Күндегі күн әр сәтте,
Өтті ойлап жастығым.
Шақырамын келе қойшы құшаққа,
Терезеден қарайықшы жаңа жауған бұршаққа.
Аспан көгі әрқашанда көз тербер,
Кетейікші мінгесіп ап өмірлік бір ұшаққа.
Тамсанамын әлі де сұлулыққа,
Қазақ қызы сай екен ұлылыққа.
Қанша дағы айтқанмен жеткізе алмас,
Қазақ қызы жақын ғой жылылыққа.
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін,
Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін.
Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң
Кешіріңдер, Мұқағали емеспін.
Ғашық болғым келеді адамдарға,
Ғашық бола алатын шамам барда.
Сүйе алсам барлығын жүрегіммен
Одан асқан пендеңде арман бар ма?
Мұқағали- поэзияның патшасы,
Ілініп тұр ол жайында естеліктер тақтасы.
Жатқан жерің жайлы болсын жыр атам,
Ашық болсын бір өзіңе жәннәтімнің қақпасы.
Елбасын мақтан тұтам!
Елімізді көркейтіп, даңқымызды асырған!
Арайлы таңнан туған
Қазақ елін аяқтан тік тұрғызған
Желтоқсанда болып еді бір азап...
Көтеріліске шығып еді бар қазақ.
Жас жеткіншек, сан бала,
Болып еді олар үшін
Алло, алло естимісің ардағым,
Ойға батам не болар деп алла күн.
Есіңде ме, сен менен сұрап едің,
Осы, қалқам, жүрегінде бар ма мұң?!
Ақын деген асаулықпен аздаған,
Батыр,өжет,азатпын!
Жалын ойым қыз жүректен маздаған,
Мен тәуелсіз Қазақпын!
Дүниеге шыр етіп келгеніңмен
Алдыңда, міне, көрің қазулы тұр.
Мұрныңды қанша көкке шүйіргенмен
Тағдырың маңдайыңда жазулы тұр.
Халықтың тіктеп еңсесін,
Қиын күндер өткердің.
Бөлісіп қуаныш, қайғысын
Еліңмен бірге келесің.
Арбалдым сиқырлы әр қылығыңа,
Алдандым жел тербеген бұрымыңа.
Ерітіп жұмыр етті кеудедегі,
Сезімнің тұншықтырдың тұнығына.
Түнгі көше шамдары тізбектелген,
Нәзік үміт секілді күзді өткерген.
Қара түнде алыстан сығырайып,
Сағынышым іспеттес іздеп келген.
Күзгі мұңға ауғанда жаз желегі,
Көңіліме көңілді ой аз келеді.
Әсем шаршы құрасып ұшқанымен,
Көкте тырна, жердегі қазда өледі.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі