Жігіттің көз тоқтаттық қандайына: Шешеннің тәңір берген таңдайына. Батырдың қайрат берген жүрегіне, Малдының ырыс берген маңдайына Ілмектер: ырыс, жігіт, батыр, қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жігіттің көз тоқтаттық қандайына: Шешеннің тәңір берген таңдайына. Батырдың қайрат берген жүрегіне, Малдының ырыс берген маңдайына
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Жігіттің жақсысы: Дұрыс сөзге тоқтай білген, Басқаны сөзіне тоқтата білген. — Әйтеке би жігіт, сөз
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес. — Шал Құлекеұлы кедейлік, жігіт
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. — Бауыржан Момышұлы ерлік, жігіт
Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына. — Ақан Сері Қорамсаұлы жігіт, шешен
Әйел - үйдегі ырысың, Ұл - айбарлы қылышың. Қыз - түздегі өрісің, Келін - кеңейген тынысың. Олақ - міншіл, Қызғаныш - күншіл. Сырғақ - сыншыл, Бос сөз - былшыл. — Ескелді би Жылгелдіұлы ырыс, әйел
Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды, Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды. Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар, Әр адам өз әлінше базарлайды. — Ақан Сері Қорамсаұлы базар, дүние
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас. — Төле би Әлібекұлы қыз, жігіт
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі