Ашу қысса ақырасың, Қайғы басса, аһ ұрасың, Қорықсаң бас ұрасың, Қуансаң шарқ ұрасың, Ендi неңдi жасырасың?! Ілмектер: ашу, қайғы, қуану, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ашу қысса ақырасың, Қайғы басса, аһ ұрасың, Қорықсаң бас ұрасың, Қуансаң шарқ ұрасың, Ендi неңдi жасырасың?!
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар. — Сырым Датұлы көңіл, қайғы
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. — Мұхтар Әуезов татулық, ашу
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу. — Абай Құнанбайұлы Ой, кесел
Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды. — Абай Құнанбайұлы қайғы
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан. Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан. — Шәкәрім Құдайбердіұлы жалқаулық, мінез
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек. — Элберт Хаббард бақыт, қайғы
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі