Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ. Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. — Мұхтар Әуезов татулық, ашу
Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын. — Билл Гейтс бизнес, құмарлық
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан. Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан. — Шәкәрім Құдайбердіұлы жалқаулық, мінез
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел. — Бауыржан Момышұлы еркек, әйел
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. — Абай Құнанбайұлы Ғашықтық, құмарлық
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды. — Әзілхан Нұршайықов әйел, адалдық
Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан, Оны қуып несіне адам құмартқан?! — Жүсіп Баласағұни өмір, адам
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі