Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (82) Ұлағатты сөздер (8)

"ғашықтық" туралы Ұлағатты сөздер

"ғашықтық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ғашықтық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ғашықтық сезім — адамзат ғұмырын жалғайтын нәр. Ол сезім тек ер мен әйелдің арасында болады деп түсіну — қателік. Балаға, анаға, әке мен бауырға, дос пен жарға, туған жер, атамекенге, өнерге деген өлмей ажырамайтын қимастық — осының бәрі, сайып келгенде, ғашықтық.

Ілмектер: ғашықтық, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Ілмектер: Ғашықтық, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдамы болса, ғашық та болмайды.

Ілмектер: шыдамдылық, шыдам, ғашықтық, махаббат, нақыл, афоризм Құтып
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік — махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел.

Ілмектер: ғашықтық, махаббат, өзімшілдік Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Ғашықтық адамның өзін-өзі алдаудан басталады, ал аяғы біреуді алдаумен тынады.

Ілмектер: ғашықтық, алдау Оскар Уайльд
WhatsApp Telegram

Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді.

Ілмектер: ғашықтық, ой Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен
WhatsApp Telegram

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.

Ілмектер: ғашық, ғашықтық, сүю Александр Куприн
WhatsApp Telegram