Жиренше шешен: қаз туралы айтқаны

Әз Жәнібек қасында ортасында Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып, тазы жүгіртіп, сайрандап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне: Томағаларын сыпырып, кұстарыңды қоя беріңдер! — дейді. Жігіттер дабыл қағып, кұстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап жорғалап барып, аспанға көтеріліп кетеді. Осы бір сөтті пайдаланған хан, Жиреншені тағы бір сынамақ болады.

— Жиреншем, әлгіде бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жорғалап кетті ғой, бұл қалай?

Сонда Жиренше саспапты:

— Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! — депті.

Ілмектер: қаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Ұқсас ұлағатты сөздер

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бетте қандай ұлағатты сөздер бар?

қаз туралы ұлағатты сөздер берілген.

қаз туралы ұлағатты сөздер тағы бар ма?

қаз туралы басқа да ұлағатты сөздер бар.

Басқа пайдалы бөлімдер: