Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес. Ілмектер: қазақ, бала Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. — Міржақып Дулатұлы қазақ, оян қазақ
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын! — Міржақып Дулатұлы тәуелсіздік, алаш
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. — Ғабит Мүсірепов ана тіл, қазақ тілі
Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. — Қазыбек Келдібекұлы бала, ата
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі