Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді. Ілмектер: Атақ, даңқ, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек! — Бауыржан Момышұлы адам, ақша
Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда. — Абай Құнанбайұлы ар, атақ
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. — Қорқыт ата ата, даңқ
Адам болсаң, болғайсың адал жанды, Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды. Жақсылықты жақсылық табар іздеп, Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды? — Низами атақ, жаман
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. — Қорқыт ата дүние, мал
Даңқ деген жамап-жасқау амалы Сорлы әншінің құрығанда заманы. — Александр Пушкин даңқ
Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында — Мұхтар Шаханов даңқ, сатқындық
Атағы шыққан жақсыға, Ақылды байлап қылма құл. — Шәкәрім Құдайбердіұлы атақ, ақыл
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі