Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (30)

Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.

Ілмектер: жау, атақ, кешіру Фрэнсис Бэкон

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Ілмектер: өлім, атақ Оскар Уайльд

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Ілмектер: атақ, қызмет, адамшылық Марк Твен

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.

Ілмектер: атақ, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз.

Ілмектер: ел, еңбек, атақ, титул Бернард Шоу

Атақты болу – тамаша, салмақты болу – көп артық.

Ілмектер: атақ, салмақтылық Александр Пушкин

Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.

Ілмектер: атақ, ер Саиф Сараи

Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.

Ілмектер: еңбек, атақ, ерлік, даңқ Ғабит Мүсірепов

Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.

Ілмектер: байлық, атақ, нақыл, афоризм Конфуций

Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе.

Ілмектер: байлық, теңіз, су, атақ, даңқ, шөлдеу Артур Шопенгауэр

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

Ілмектер: ар, атақ, бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адам болсаң, болғайсың адал жанды,
Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды.
Жақсылықты жақсылық табар іздеп,
Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды?

Ілмектер: атақ, жаман, жақсылық, адал, адалдық, жауыздық, сүй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Низами

Көп сөйлейтін және аз жұмыс істейтін атақты адамдар тез және із-түссіз жоғалады. Әрекет — бұл ұлылықтың қадірі.

Ілмектер: қадір, атақ, нақыл, афоризм, әрекет, қанатты сөздер, ұлылық Хосе Хулиан Марти

Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние (өмір) өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал ең ақылдысы бөшкемен алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қоршаған орта, ақыл, ақпарат, дүние, Өзен, ризық, нығмет, байлық, атақ, мүлік, билік, шай, қасық, Кесе, шелек, бөшке Нарша Булгакбаев

Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.

Ілмектер: дүние, мал, атақ Қорқыт ата

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Ілмектер: атақ, өмір, абырой, кәрілік Бауыржан Момышұлы

Олжа — елге сауға, атақ — ерге сауға.

Ілмектер: олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, атақ Бауыржан Момышұлы

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Ілмектер: атақ, аықл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды.

Ілмектер: атақ, награда, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы