Жаман әйел ер қадірін білмес. Ілмектер: жаман, әйел, ер, қадір Майқы би Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жаман әйел ер қадірін білмес.
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың. — Абай Құнанбайұлы жаман, дос
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. — Қорқыт ата ана, ата
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Табалдырықтан биік тау жоқ, Жаман ағайыннан асқан жау жоқ. — Сырым Датұлы жаман, жау
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі