Мақал-мәтелдер жинағы – 159-бет

Қатын алсаң, отын ал.

Ілмектер: үйлену, қатын, әйел, отын
WhatsApp Telegram

Ердің ері, егеудің сынығы.

Ілмектер: ер
WhatsApp Telegram

Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.

Ілмектер: іс, ер, ел
WhatsApp Telegram

Ер жігіт үйде туылып, түзде өлер.

Ілмектер: ер, үй, түз, өлім
WhatsApp Telegram

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

Ілмектер: ер, мойын, арқан
WhatsApp Telegram

Ерді ел туғызады.

Ілмектер: ер, ел
WhatsApp Telegram

Ердің екі сөйлегені – өлгені.

Ілмектер: ер, сөз
WhatsApp Telegram

Ер бір өледі, ез мың өледі.

Ілмектер: ер, ел, өлім
WhatsApp Telegram

Ер бесіктен танылады.

Ілмектер: ер, бесік
WhatsApp Telegram

Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ.

Ілмектер: ер, ел
WhatsApp Telegram

Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.

Ілмектер: ер, ақыл, ел
WhatsApp Telegram

Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.

Ілмектер: ауру, жан, денсаулық
WhatsApp Telegram

Бас ауырса жан қорқады.

Ілмектер: бас, ауру, денсаулық
WhatsApp Telegram

Ауру атанды да шөктірер.

Ілмектер: ауру, денсаулық
WhatsApp Telegram

Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

Ілмектер: тазалық, саулық, денсаулық, байлық
WhatsApp Telegram

Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.

Ілмектер: денсаулық, бас, шаш
WhatsApp Telegram

Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

Ілмектер: көңіл, өмір, жақсы
WhatsApp Telegram

Шынықсаң – шымыр боласың.

Ілмектер: шынығу, денсаулық
WhatsApp Telegram

Ауру желмен келiп, термен шығады.

Ілмектер: ауру, жел, тер
WhatsApp Telegram

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Ілмектер: ауру, ем
WhatsApp Telegram

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

Ілмектер: көз, сөз
WhatsApp Telegram

Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық.

Ілмектер: қайыр, пайда, залал, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

Ілмектер: кеме, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық, су
WhatsApp Telegram

Шығасыға иесі басшы.

Ілмектер: жоғалу, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Бір жоқ бір жоқты табады.

Ілмектер: жоқ, жоғалған, табу, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

Ілмектер: шығын, кіріс, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Шашу оңай, жинау қиын.

Ілмектер: шашу, жинау, үнемшілдік, ысырап, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Үй болғанда көсеу керек.

Ілмектер: үй, көсеу, үнемшілдік, ысырапшылдық
WhatsApp Telegram

Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.

Ілмектер: орман, ағаш, балта, жау, батыр, сайман
WhatsApp Telegram

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Ілмектер: орман, ел, дәулет
WhatsApp Telegram