Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи талантын мұқалтады.

Ілмектер: еңбек, адам, жалқаулық, талант, зерігу Тәжібаев Төлеген

Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.

Ілмектер: сезім, заң, бақыт Стендаль Фредерик

Кісі - өлер, сөз - қалар.

Ілмектер: кісі, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі тіл.

Ілмектер: ұлт, тіл Нұрсұлтан Назарбаев

Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.

Ілмектер: ел, ер Жамбыл Жабаев

Мен адамдардығы әзіл-қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.

Ілмектер: адамдар, әзіл-қалжың, әділетсіздік, қару, жауап Пьер Ришар

Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты тарта іш.

Ілмектер: өмір, тамақ Бенджамин Франклин

Адамға қажеттілігін берсеңіз, жайлылықты қалайтын болады. Жайлылықпен қамтамасыз етсеңіз, молшылыққа еліктейді. Молшылықты жаудырсаңыз, талғампазданады. Талғампаздықты қолға ұстатсаңыз, ессіздікті іздейді. Осының барлығын беретін болсаңыз, ол қалаған затымды бермедіңдер деп шағымданатын болады.

Ілмектер: адам, қажеттілік, талғампаз, шағымдану Эрнест Хемингуэй

...еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, — деп айту екі талай.

Ілмектер: еңбек, бала, тәрбие Спандияр Көбеев

Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі — қадірі жоқ қыдырма шал.

Ілмектер: кәрі, қадірлі, қария, шал Сырым Датұлы

Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.

Ілмектер: іс, ән Сәкен Сейфуллин

Жақсы адамдардың жүрегінде жақсы, жаман адамдардың жүрегінде жаман ойлар жүреді.

Ілмектер: адам, жақсы, жаман, жүрек, ойлар Ибн Хиббан

Кәміл адам мақталса да, айыпталса да, халі өзгермейтін адам!

Ілмектер: мақтау, Айыптау, адам Омар бин Абдулазиз

Халықпен - қастаспағайсың, жаманмен - достаспағайсың.

Ілмектер: халық, дос, жаман Шортанбай Қанайұлы

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Ілмектер: бақыт, қайғы, адам, мұң Сағатхан Әшімбаев

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.

Ілмектер: іс, бақыт, адам Леонардо да Винчи

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

Ілмектер: пікір, іс Уильям Шекспир

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз.

Ілмектер: ақыл, іс, тіл Ыбырай Алтынсарин

Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын.

Ілмектер: соғыс, халық, бай Франсуа Вольтер