Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 603-бет

Директор лауазымына отырған әдепсіз бір кісі жүргізушісінен сұрайды:
– Айтшы шопыр бала! Есекпен шофердың арасында қандай айырмашылық бар?
Жүргізушісі біраз ойланып ұялған сыңай танытып:
– Білмедім басеке-дейді. Сонда бастығы былай дейді:
– Есекке “ышша” десең тоқтайды, ал шопырға “тоқта” десең тоқтайды.
Жүргізуші бұған қатты ашуланады, бірақ бастығы болғандықтан ешнәрсе айта алмайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші директордан сұрайды:
– Бір сұрақ сұрасам бола ма басеке?
– Иә сұрай бер.
– Есекпен бастықтың арасында не айырмашылық бар?
– Таппадым, сен айтшы жауабын!
– Ант етейін басеке мен де таппадым...))

Ілмектер: тапқырлық
WhatsApp Telegram

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
- Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...

Ілмектер: Қожанасыр, ақша
WhatsApp Telegram

Әйелі күйеуіне келіп:
- Менің машинамның карбюраторына су кіріп кетті.
- Карбюраторда қайдағы су?
- Мен айтып тұрмын ғой су.
- Сен карбюратордың не екенін білмейсін ғой!!! Көрсет, қане сенің машинаң?
- Бассейнде!!!!!!!!

Ілмектер: карбюратор, Әйел
WhatsApp Telegram

Сот:
-Сен осы өміріңде өз еңбегіңмен тым құрыса бір жүз теңге тауып көрдің бе?
Айыпталушы:
-Көрдім. Былтырғы сайлауда сізге дауыс бергенімізде сізден бәріміз бес жүз теңгеден алдық қой?!.

Ілмектер: Сот, пара
WhatsApp Telegram

Екі жігіт кездеседі.
- Бүгін үйге келіп, шкафты ашсам, ішінде жалаңаш адам отыр!
- Таң қалатын несі бар...
- Қалай несі бар??? Мен бойдақпын ғой!

Ілмектер: бойдақ
WhatsApp Telegram

Кішкентай маса шешесінен сұрапты:
-Апа, мен ұшсам бола ма?
-Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
-Неге, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды ғой.
-Оны кім айтты?
-Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды.

Ілмектер: маса
WhatsApp Telegram

Мұғалім оқушыға:
- Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
- Шешемнің қолы тимейді.

Ілмектер: оқушы, тапсырма
WhatsApp Telegram

Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:
- Анашым 100 теңге бересіз бе?-дейді.
- Оны қайтесің балам?
- Бір кәрі апаға берейін деп едім.
- Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?
- Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.

Ілмектер: бала
WhatsApp Telegram

Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
- Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе?
- Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...

Ілмектер: Филология, емтихан
WhatsApp Telegram

- Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
- Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.

Ілмектер: инфаркт, жағдай
WhatsApp Telegram

Тыйым салынған жерден бұрылыс жасамақ болған әйел жүргізуші бір ер кісінің көлігін соғады. Бақыттарына орай быт-шыты шыққан көліктерден екеуі де аман сау шығады. Еңбектеп, әрең дегенде сыртқа шығып әбіржіген түрде екеуі бір-біріне қарап күліп жібереді. Ашу мен өкініш те көрініс тапқан күлкіні әйел бірінші үзіп:
- Көліктеріміз быт-шыт болғанымен, екеумізге де ештеңе болмапты. Міне қызық! Сіз еркек мен әйел, меніңше бұл екеуміздің танысуымыз үшін белгі болса керек! Өміріміздің соңына дейін дос болып қалуымыз керек,- дейді. Ер кісі:
- Сөзіңіздің жаны бар!- дейді. Әйел:
- Қараңыз көлігім астан кестені шығып, аударылғанымен ішінде мен және мына шөлмектегі шарап аман қалыппыз! Айтсаң ешкім сенбес! Меніңше біз дәл қазір осы шөлмекті бөлісіп, аман қалғанымыз бен таныстығымызды жууымыз керек,- деп бөтелкені ер кісіге ұсынады. Апат салдарының абыржуы кете қоймаған кісі шөлмекті жартысына дейін ішіп, қалғанын әйелге ұсынады. Қолындағы тығынмен бетін жапқан әйел, шөлмекті өзіне қайтарады. Таң қалған ер кісі:
- Сен не ішпеймісің?- деп сұрайды. Сондағы әйелдің айтқан жауабы:
-Жоқ! Мен МАИ қызметкерінің келуін күтемін! ))

Ілмектер: Жол, апат
WhatsApp Telegram

Тілеп алған аурудың емі жоқ.

Ілмектер: қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Өтірік өрге баспайды.

Ілмектер: өтірік
WhatsApp Telegram

Ерлік түбі бірлік.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.

Ілмектер: бірлік, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Ілмектер: бірлік, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Бірлік бар жерде - тірлік бар.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Байлық, байлық емес, бірлік байлық.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте.

Ілмектер: бірлік, сыйластық
WhatsApp Telegram

Алты бақан, ала ауыз.

Ілмектер: бірлік
WhatsApp Telegram

Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.

Ілмектер: үйрену, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Ілмектер: ақыл, білім
WhatsApp Telegram

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Ілмектер: ақыл, білім
WhatsApp Telegram