Ұшып өрттің үстімен
Ұшып өрттің үстімен
Қанаттарым күйді.
Кетті қаңғып көк түс,
Аяқтады ол биді.
Ұшып өрттің үстімен
Қанаттарым күйді.
Кетті қаңғып көк түс,
Аяқтады ол биді.
Ұйықта, балам, ақ түн бұл
Айлы түннен аумаған.
...Ала-құла шапқынның
Арасына байланам.
Болмысымның
сан бойладым тереңін.
Ақ, қарасын
Түссізін де еледім.
Ұйқымды ұрлап, мазамды алған не білмен,
Бәйге атындай арбаларға жегілген.
Тәнім көніп, жаным көнбей жыбырға,
Жүрек, ойым тіршіліктен жерінген.
Ерте сүргін, Күн сүргін, кеші сүргін.
Басы жасыл болғанда , төсі күлгін.
Көрдім деп айта көрме, жалған, жалған.
Алдамшы ғұмырыңның несін сүрдім.
Жылағанда жұбатқан түн еді.
Елжірегендей-ді жүрегі.
Анамдайын аймалап,
Менімен бірге жүдеді.
Шет жер де болар азға сын,
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.
Жолға шықсам бір сезім баурайды ерек,
Баурайды ерек, бір елес талмай демеп.
Үзілген бір ырғақтар мазалайды,
Жол үстінде үзігін жалғай ма деп.
Өзінен ғана табылған барлық керегі,
Атайбоз бидің елі еді.
Ескілік жол мен ескі ғылым еді қорегі,
Жақыпбай молда төрі еді.
Тұңғиық ой тұңғиықтан шығарар,
Көз алдыма аспан болып тұра қал.
Өзімді-өзім алдайын ба мен тағы,
Алда деп тұр мыналар.
Жанбай жатып сөнген кім,
Ерегісті енді-ендің.
Жалмайтындай сұрақтар,
Жауап іздеп сенделдім.
Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.
Дауды бүгін дауламаймын өнбейтін.
Ақша бұлтқа айналғанмын көлбейтін.
Киімімді киіп Жерде жүр біреу
Баяғыдай сені жақсы көрмейтін.
Дос болма менімен, сүюге тіпті де болмайды.
Көзіме әдемі абай бол, әкелер ол қайғы.
Қайығың қалқиды, диірменің айналып,
Тынымсыз жүректі тоқтату- таңға айып.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі