Жүрек арызы
Жалған елес құшағында сырғанап,
Байқамаппын тағдырымның тайғағын.
Көңіліме қоршау қылып мұз қалап,
Жүрегіме қайғы жібін байладым.
Жалған елес құшағында сырғанап,
Байқамаппын тағдырымның тайғағын.
Көңіліме қоршау қылып мұз қалап,
Жүрегіме қайғы жібін байладым.
Таусылғандай сабырым мен тағатым,
Мекендеймін сағыныштың қанатын.
Сені ойлаумен өткіземін неге мен?
Бір тәуліктің 24 сағатын...
Қазақ қызы қырмызыдай сұлусың,
Кейбіреуге өмір бойы жылусың,
Қазақ қызы қырық үйден тыйылған
Əр қазақтың тəрбие көрген гүлісің.
Ақ көйлегін киіп ап,таңданады,
Ақ ұлпамен айнала нұр шашады.
Қыс мезгілі суықта,қаталда боп,
Жылы да боп,көңілге бал жағады.
Отаным менің –Қазақстан!
Сен үшін арнаймын, мәңгі жыр дастан
Көркейе бер, Қазақстан,
Мәңгі Отан ,Мәңгі таң!
уақыт,шіркін, ырғағынан жаңылмас,
ал ,адамдар жанталасқан өлермен.
Саxна-өмір,сағат тілі жалықпас,
Шапалағын сарт-сарт моққан көрермен.
Уақыт алдап, өтіп жатыр зымыран,
Қашан? Неге толар екен құмыраң?
Біреулер жүр лай, батпақты серік қып,
Біреулерде иманына беріктік.
Таба алмадым рухани дос жаныма,
Сыр шертетін, жарылатын ағыла.
Бөлісетін ішімдегі мұңымды,
Түсірмейтін рухани шын құнымды.
Қалам алып, өлең жазу ойымда
Бір қуат бар көрінбеген бойымда
Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім
Ұлы тұлға Абай атам жайында
Бақ сыйлап, қуантатын анамды мың,
Жар іздеймін, бағым менің жанар бүгін.
Қалықтап бірге ұшар ақ құсымның,
Анықтап алсам деймін мамандығын.
Бұл әлемге жүрегім бағынбайды,
Сыр шертейін онда мен ақын жайлы.
Осы сөзді естісем алғаш ойға
Мұқағали ақыным жақындайды.
Ұйықтасам-дағы ойымды саған жеткіздім,
Сан рет ойланып, өмірді көзімнен өткіздім.
Керемет ғажап түндердің ылғи бірінде
Армандап едім түсуін маған жұлдыздың.
Тәкәппар ойым кептелді менің
Тәуелді болып кеткенді реңің
Мың ойларыма үстемдік жасап,
Соңына қойдым леп белгілерін.!!
Алты сабақ бітті, келдім мектептен,
Күн де ыстық, маңдайымды терлеткен.
Біраздан соң таза суға жуынып,
Басып алдым қызуымды селдеткен.
Арманымды айшықтап кеп аңсаған,
Жазайыншы, әкетайым, мен саған.
«Жақсы адам бар ма?», - деген сұраққа,
«Менің әкем – жақсы адам», - деп жар салам.
Теңер едім аналарды
Тәуелсіздік күніне.
Теңер едім мен қыздарды
Жаңа жылдың түніне.
Ақын əпкем ізін қуған мен едім,
Ақындықты мен де сізден үйрендім.
Сіздей болу үшін маған керек көп еңбек,
Боламын сіздей,боларыма мен сендім.
Әр сөзі терең оймен жаратылған ,
Ұлы Абайдай дана бар ма дара туған .
175 жылдықты мақсат қылып ,
Қане қазақ жастары қарап тұрман .
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі