Көтерме
Ау-уа!
Бір күнде жігіт болдың бойдақ, сылаң,
Ботадай от басатын ойнақшыған.
Уа, бұл күнде жас кәртайып, уақыт жетсе,
Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,
Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай.
Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып,
Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай.
Көзіме көріндің де кетіп қалдың-ай,
Қадірі болмайды екен қолда бардың-ай, е, ей, қолда бардың-ай.
Аптадай болмай жатып сағынғаннан-ай,
Өлеңмен атыңды атап әнге салдым-ай, е, ей, әнге салдым-ай.
Сарғайып сары көлде қамыс қалды, күнім-ай,
Ауылы бауырымның алыс қалды, күнім-ай.
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.
Сағынсам мінетінім күрең жалды ат,
Ауыл бар көрген жерде күрең самғат.
Көңілің рас маған берген болсаң, сәулем,
Тіліңнің үшін қойып, түбін жалат, а-ай!
Кідігәйға кім салар мен тұрғанда,
Бір-екі ауыз аузымда-ау, жел тұрғанда.
Қызды ауылдың сыртынан кідігәйлап-ай,
Құйысқаным-ай, кідігәй, сарт етер ұмтылғанда.
Атымды анам сүйіп қойған Сусар,
Көп жылқы көкалалы көлде жусар.
Угагай-гай, кідігай.
Біреудің әлпештеген баласы едім,
Кідігайға кім салар мен тұрғанда,
Бір-екі ауыз аузымда жел тұрғанда.
Қызды ауылдың сыртынан кідігайлап,
Құйысқаным сарт етер ұмтылғанда.
Тыңдасаң жақсы күйді—құлақ құрышы,
Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.
Дүниеде бір сұлу қыз сыланады,
Артынан еріп пенде қуанады.
Болғанда адам—түлкі, дүние—бүркіт,
Әркімді түзу жолдан шығарады.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . кідік айтам-ай,
Таусылған наурыз айда бидәйім-ай, бидәйім-ай.
Кідік-ай, кідік-ай
Қызық-ай, қызық-ай.
. . . бозша торғай Мекке барған,
Адамға он екі иман дәптер салған.
Уағада тіршілікте ойна да күл,
Өлмесе ата-бабаң, қайда қалған.
Қазалыда бір қыз жүр сәулеленген,
Көрген жігіт сәулені әуреленген.
Беу-беу Бақилай,
Аха-хау,
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі