Маусымжан (3 нұсқа)
Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Әннен басқа әсер жоқ қабағымда.
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Әннен басқа әсер жоқ қабағымда.
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
Ауылым көшіп қонады-ау Бағылына-ай,
Жаз болса қоян қашады-ау шағылына-ай.
Көп айдың көрмегелі-ау күні болды-ау,
Келемін ақ еркемді-ау сағынып-ау.
Ақ түлкісі Жайықтың аралдағы,
Сен бір шыққан алдымнан марал дағы.
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Сөз табасың, құрбыжан, не керектен,
Дәл тиеді қай сөзің зеңбіректен.
Шыныменен көңілің болса менде,
Жаным құрбым, жан сәулем, шын жүректен.
Айналайын, қарағым, шырағым-ай-ау,
Осынау даусым бара ма құлағыңа-ай-ау.
Мұхилилә-Шәйбан,
Ха-ли-лә-лей-ләу, ой, қалқам.
Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен,
Басымды не сыйқырмен әуреледің.
Біздің ел жүруші еді Нарын жайлап,
Көкорай-ау, шалғынына бие байлап, бие байлап.
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Алдына ат салмайды құла құнан,
Нарынның ат суардым бұлағынан.
Алдында асқақтатып ән шырқайын,
Қалмасын-ей, көпке дейін-ей,
Білемін жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майданда найза ғой сұлу.
Әдемі өскен төбеде-ай көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ ай сұлу.
Келеді жаз мысалы жыл құсымен,
Көктемде мал балалар тұңғышымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.
Қарасу есік алды лай ма екен,
Көргеннен мені анам сұрай ма екен?
Қайысып қабырғасы тапқан анам,
Мені ойлап осы күні жылай ма екен?
Айналайын, қарағым, құлыным-ай, ау,
Бауырыңда көп жаттым тығылып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі