Арман
Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.
Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,
Орақшы пішен шауып шөп алғанда.
Көңілім шалқып шаттықтан,
Армандап, аңсап жаттыққан.
Қиялдап қилы өмірді,
Айналған басым бақ-құттан .
Арман атты көк теңіздің кемесінде,
Жүзіп келе жатқандай сезіндім де.
Ту сыртымнан өткір пышақ жараласа,
Қалдым ба екен арман қиял жетегінде?
Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.
Арман, арман!
қалғытпа, алға асықтыр,
Қанатымды қағайын таңға ашып бір.
Онтоғызыншы наурыздың жыр жаңбыры,
Айхай, арман, асау едің сен неткен,
Төзімсізді тастап қаштың ту алыс.
Байқамаймын уақытты тез өткен,
Алмасумен үміт, қайғы, қуаныш.
Алыстаған биік арман,
Күтті ғой ғажаптарды алдан.
Чемпион болу бала қиял жүзеге асып,
Жарыстарда тек алда болды бокстан.
Еліме бір өзгеріс кеп жатқандай,
Батса екен озбырлықтың күні ұзатпай!
Қазағым молшылыққа молықса екен,
Садақа беретұғын адам таппай...!
Алла берсін тілекті,
Тыңдап көрдім жүректі
Журналист болам мен ертең!
Жаны жылы тілі епті.
Аялай бер, домбыра, арманымды,
Сен жақынсың жардан да жанға мұңлы.
Менде өшкен сезімді қайта оятып,
Қайта атыр көрмеген таңдарымды.
Бұл заманға іліккенбіз шаршап кеп,
Армандарды асырадық ән сап-бек.
Сан ғасырлар сахарада жүрдік біз,
Қасқырдан да ақылдырақ болсақ деп.
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі