Сыр ашу
Алпыстан жасым асқан шақ,
Таныдым мынау Жалғанды.
Заманнан бұға жасқансақ,
Алдық па тәуір талғамды.
Сән бітіріп көктемге, дала, гүлді,
Жан бітіріп ақын жан жаза білді.
Бірақ әттең, сол ақын, арақты да,
Жырға қосты мадақтап әзәзілді.
Ұғып ал, Әлі, Әлемді
Ұлы Алла жалғыз жаратқан.
Жан берді сазға, тірілтіп,
Бойыңа жатыр тарап қан!
Арман жай — Жерде ме екен,
Көкте ме екен?
Бар адам арман қуған, қайтсе жетем?
Мен Сені іздеп келем үміт етіп,
Он сегіз жаста екенсің
Көзіме алғаш түскенде.
Бозбала азап тартар шақ
Бойжетіп қыздар піскенде.
Асқақ сөйлеп, тыңда деп теңіз ұлын,
Дейтін ылғи "мен Арал егізімін!".
Еркесімін елімнің, еркін қазақ,
Мен Аралдың, — дейтін ол, — лебізімін!
Орынсыз өмір сөккенде,
Амалың болмай өктемге,
Содырдан жапа шеккенде,
Ақ-қарасын ашуға
Ата дейді, қастерлейді атыңды,
Армандады жуытпауға жат үнді.
Опат болды сені жырлап Ілияс,
Өз жолыңда талай Сәкен атылды.
Ауырсынбас емшектің жарасын да
Ұрпақ үшін жан қияр шарасызда.
Әйел бағы неде екен, ол бір жұмбақ,
Ана баға ержеткен баласында.
Ақ тілеулер кетті қамап анталап,
(Көлеңкедей кешкіғұрым, зәнталақ).
Еділ, Жайық, Ертіс пен Сыр, Жетісу —
Елес берді байтақ елі, шартарап.
Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым
"Шабыт жүген намыс мінген" жыр-жылым!
Байтақ Отан, шексіз Әлем — Сенің де,
"Абай" деген саңқ-саңқ етіп тұрды үнің!
Ер — ел мұңын ойламай асып-тасса,
Тұрмайды екен мәңгілік бақыт баста.
Қасиетін ардақтап, сыйламаса,
Жояды екен сәндігін жахұт тас та.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі