Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (164) Өлеңдер (11) Жоспарлар (45) Мақал-мәтелдер (236) Ұлағатты сөздер (140) Әзіл, анекдоттар (1)

Арыстанның тәрбиесі

Тәңір бірде Арыстанға ұл берді,
Табиғаты басқаша ғой тағы аңның:
Баласындай емес сірә адамның,
Бір жасында ол нәзік, топас ұл болды.

Толық

Төбеттің тәрбиесі

Өзі күшті,
Тым сұсты
Өзге иттерден бөлек
Болды бір Төбет.

Толық

Замандасқа хат

Замандасты көргенде амандасып,
Мінездерін көргенде қалдым жасып.
Не байқадым, не қалаймын сендерден?
Жеткізейін ойымды хат қып жазып.

Толық

Табиғаттан алғанмын тәрбиені

Мұнан өткен жаныңа азап бар ма?
Мақтауға да үйрендік, азаптауға.
Танымайтын әлемде мені мүлдем,
Алла, мені айырма мейірімнен.

Толық

Ұстаз

Негізі бойда ғылымның,
Қашанда ұстаз бағалы.
Ертеңгі үлкен білімнің
Соқпағын солар салады.

Толық

Тағдыр

Дейміз біз жазылған маңдайға,
Әрбір жан іңгәләп туғанда.
Жұбатып жатамыз бір –бірімізді,
Тап болса қанадай да қиыншылыққа.

Толық

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...

Толық

Жаман қарғыс тілеме

Қарғысың қара басыңа,
Ырбандама жасыма,
Сен тілеген қарғысың,
Айналып келер басыңа!

Жаман қарғыс тілеме,
Орынсыз ешқашан да сөйлеме!
Жақсы тілек, жақсы ой,
Саған да тиерін біліп қой!

Жақсы жауап болмаса,
Үнсіздік алтынмен тең!
Орынсыз сен сөйлесең,
Наданның ісімен тең!

Жақсы сөз сөйле, не үндеме!
Жақсы тілек тіле не ет тәубе!
Әр сөзің жан дүниеңнің айнасы,
Ал сенің жаның керемет пе?

Толық

Мықты болсаң

Әлсізді жеңу, жеңіліспен бірдей!
Мықтыны жеңу, жеңістің төресіндей!
Мықты болсаң, мықтыны жең,
Құр босқа әлсіздерге шаба бермей!

Әлсіздермен пайда үшін күрестің,
Мықтылармен айла үшін сөйлестің,
Сенемін сенің білегің емес, білімің мықты,
Алайда сен ар-ұятты ойлаппең?!

Мықты болсаң, әдептіктен сен аспа!
Мықты болсаң, әлсіздермен жағаласпа!
Әрдайым адамдықты сен ұғып,
Күнәлі іс үшін, ешқанда ат салыспа!

Мықты болсаң қарағым өзіңді жең!
Мықты болсаң ғайбатты тіліңді тый!
Мықты болсаң шешеңнің сөзінен аспа!
Мықты болсаң, Құрандағы істі сен, мен, ол жаса!

Толық

Өмір-өзен

Сен кетті деп бұл өмір,
Өмір-өзен,
Тоқтатпайды ағасын!
Өтеді күн, тек сенсіз,
Өтеді түн, тек сенсіз!

Тіріңде неге үлгердің?
Кеше ғана бала ең,
Әр ісің есейсең де балаша,
Кімге ғибрат бола алдың?

Адамдардың санатында қалатындай,
Адамдар сені ғибрат тұтатындай,
Мына өмірде түген деген болыпты,
Бұл өмірге түген пайда қосыпты,
Дейтіндей ей, қарағым не істедің?

Өмір-өзен
Жылғасы оның қысқа жол,
Сынақтар сарқылмайтын,
Қиын-қыстау тұрақ ол!
Түзу жүріп, тура бассаң апарады жұмаққа,
Сөзге биік, ісің жақсы иман жанды пенде бол!

Толық

Ерін бе

Отырған жағат(ды), құмырсқа шағат(ды),
Жұмыс жасау жақпағанмен, айлық жағат(ды),
Ерігіп отырсаң, құр босқа өтет сағат!
Құр уақыт өтсе кедейлік келіп басты қағат(ды)!

Кім еңбек ете алат(ды), сол адам, адам болат(ды),
Бос күлкі, ойынмен өтсе уақытың бақыт қалат(ды),
Бақыт кетсе өмірден бәрі жаман болат(ды),
Жаман болса бақытың, мәнсіз өмір қалат(ды).

Тұр ерін бе, намаз оқы, іс дөңгелет!
Кітап оқып, сауап алып, ісіңді адал ет!
Қарашы кәрі-жасы құр жатқан жоқ ерігіп!
Сенен кіші-үлкені іздеп жүр ғой термеліп!

Толық