Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (92)

Анаға тілек

Аялап,​ мәпелеген,​ құндақтаған,
Ауырсақ жан ұшырып,​ бір жатпаған.
Қиналсақ, қабағымыз мұңға толып,
Ас батпай,​ алаң болған уайымнан.

Толық

Құрбыға тілек

Туған күнің құтты болсын жан құрбым,
Берекелі, бақты болсын тағдырың!
Қос өмірде мұң шалмасын жүзіңді,
Ең сүйікті құлы болып Раббыңның!

Толық

Соңғы қоңырауда оқитын, ұстаздарға арналған естелік шумақтар..

Айша апайға айтар алғыс ерекше,
Ана болған,​ пана болған біздерге.
Орындалып ойға алған бар мақсаты,
Аша берсін жыл сайын бір мектептен!

Толық

Фри-фаер

Отыр еді Ғалымжан,
Тыныш қана шай ішіп.
Сылдыр етіп смс,
Сөйледі біреу майысып:

Толық

Анама тілек

Әкеміздің гүлдендірген өмірін,
Жүрегіме дәнін еккен мейірімнің.
Жан анашым сіз екенсіз ойласам,
Бал бақытын сезіндірген өмірдің.

Толық

Анашыма

Анашым деуші едің ғой «бал бөбегім»,
Құлақта сол бір айтқан сазды өлеңің.
Ең алғаш жыр жазғанда өзің жайлы,
Шимайлап,​ есімде көп жөндегенім.

Толық

Әріптестерімді жігерлендіру

Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.

Толық

Әріптестерімді жігерлендіру

Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.

Толық

Қазақпыз біз

Қазақпыз біз,​ азиатпыз түркі тек,
Пырақ мініп,​ қызыз ішкен,​ туы — көк.
Қонақ келсе бар дәмдісін ұсынар,
Қолы ашық​ жомарт елміз,​ ас та төк!

Толық

11-сыныптардың 1-сыныптарға арнауы:

1) Мектепке қош келдің жас талап,
Ең биік мақсатты арқалап.
Бұл жерде оқисың он бір жыл,
Қоштасу..​ Бірақ тым қиын-ақ!

Толық

1-қыркүйек «Білім күніне» арналған тақпақтар:

«Білім күні» құтты болсын,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Баршаңызға​ бүгінгі.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқушылар жақсы оқып,
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бола берсін білімді!

Толық

Ұстаз деген..

Ұстаз деген — тәрбиенің үлгісі,
Ұстаздардың өнеге ғой — әр ісі.
Ұстаз жаны — мейірімнің ошағы,
Ұстаз болу — адамдықтың ең шыңы.

Толық

Алматы — тарихымның діңгегі.

Алатаудың мамыражай күнгейі,
Алматыны сірә кімдер білмейді?
Талай арыс оққа ұшқан құпия -
Боралдайда бар қабірлер сүрмелі.

Толық

Анаға тілек

Ана сіз сондай ғажапсыз,
Махаббат толы жүрегің.
Әжімің сондай әдемі,
Нұрланып тұрар реңің.

Толық

Әкем жайлы

«Шот қабақ,​ шоқпар мұрын Қасенбаймын»,
Деп әкем домбырада ән шырқайтын.
Ата-жұрт,​ отанында жүрсе-дағы,
Туған жері Мылқысын ұмытпайтын.

Толық

Әкеге арнау

Жанарынан мейірім ұшқындаған,
Менің әкем балажан, жұмсақ болған.
Еркелетіп өсіріп, беттен қақпай,
Ұзатқанда еріксіз жылап қалған..

Толық

Кешір әке

Еркелеткенің есімде:
«Құдай бере салғаным» - деп.
«Әкем бар»- деп,​ еркін өстім,
Жарым көңіл болғаным жоқ..

Толық

Бастауышпен қоштасу (слайдқа арналған)

Алтыда едік ол кезде,
Хабарсыз мүлде ғылымнан.
Анамен келдік мектепке,
Арқалап  үлкен ақ арман.

Толық

Ұстазға алғыс

Екінші сынып оқимын,
Айзада апай ұстазым.
Көңіліме тоқимын,
Оның ақыл-нұсқауын.

Толық

Әкеге алғыс (Қыздарын қатты еркелететін әкелерге)

Әке, сізді, жақсы көрем..
Мен үшін сіз ғажапсыз!
Мен туғалы еркелетіп,
Барын берген жомартсыз!

Толық