Қыранша өмір сүрейік!
Үлкендер, орта буын, жастар жағы,
Қанша болды бізге өмір басталғалы?
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,
Таюда қанша адамның бастан бағы.
Үлкендер, орта буын, жастар жағы,
Қанша болды бізге өмір басталғалы?
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,
Таюда қанша адамның бастан бағы.
Туған елдің табысы ерен бүгін,
Танытуда әлемге кемелдігін.
Барша ұлттар шынымен мойындауда,
Қазағымның тарихы тереңдігін.
Қызы едің текті ақын ,киелі елдің,
Жыры нәзік ,ойы бір есіл ердің.
Қазақ елі ардақтап Фаризасын,
Жырларына тәу етіп бас иетін.
Ұйқы тәтті - түс көрген қиялыңда!
Көзді ашып,бір сәтке ояныңдар!
Ертегіден жырақ кетіп кішігірім-
Шынайылық жағына таяныңдар!!!
Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді.
Біздер, біздер шалғайдағы жандармыз,
Ғаламтордан мақрұм болып қалғанбыз.
Болмаса да қолжетімді ғаламтор
Рейтингтегі азды-көпті сандармыз.
Бой түзе Қазағым, басты көтер
Келді шақ, Советтік ділден кетер,
Рухқа толы тарихымызды біз жаңғыртып
Шаңданып қалмасын өткеніміз, біздің бекер.
Қазағымның от жалынды жастары,
Өнер менен білім біткен бастары.
Сендер барда көк туымыз желбіреп,
Ашық болсын қазағымның аспаны.
Өкпеледің өмірге, адамдарға,
Қателестің, шалт бастың қадамдарда.
Күлімдеген бір досың сен туралы
Өсек айтса, шын дос боп, санала ма?
Қазақ тілім- ана тілім ардақты,
Ой айтатын жүйелеп бір салмақты.
Сол тілменен тірі жүрсем егерде,
Танытармын қазағымды жан-жақты.
Білім – ғылым жақсылыққа бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.
Таланып қалған талдар тұлғасы мың,
Қыс келер, ызғар басқан сұлбасының,
Жалаңаш ағашта тұр, жалғыз өзі,
Соңғысы түспей қалған сырғасының.
Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
Барлық авторлар