Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"білім" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "білім" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Ілмектер: білім, тіл, нәпсі
Екеуін еркі жетіп күзетеді.
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
Ілмектер: Білім, ізгілік, мұрат
Білім — малы жоққа түгесілмес мал,
Ілмектер: мал, білім, қаржы
Қаржысы жоққа — таусылмас қаржы.
Білім білген пілге мінер,
Ілмектер: білім, піл, көр
Білім білмеген көрге түсер.
Білім болса, бектер биік заңғар-ды,
Ілмектер: білім, биік, заңғар
Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Ілмектер: білім, өмір, жол
Кісіден білім білген бәле қашар.
Білім — иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Ілмектер: білім, дәулет, алтын
Алдына алтын тартылады.
Білім — байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ілмектер: Білім, ұры, байлық, қу
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.
Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
Біліммен жанын семіртер.
Білікті бір де шығар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
Білімсіз мың да шығар.
Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, тіл, білім, білімсіз
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
Білікті білім біліп, зерделі ұғар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім, зерде
Жүзеге осы екеуі алып шығар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі