Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (56) Ұлағатты сөздер (15)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"дау" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"дау" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.

Ілмектер: батыр, данышпан, дау, жау
WhatsApp Telegram

Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).

Ілмектер: әйел, дау, бәле
WhatsApp Telegram

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау
WhatsApp Telegram

Дау-жанжал әбден белең алған кезде де татуласу туралы ойлау керек.

Ілмектер: дау, жанжал, татуласу, Әзiрбайжан мақалы
WhatsApp Telegram

Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.

Ілмектер: арық, мал, дау, әкім, өш
WhatsApp Telegram

Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.

Ілмектер: алып, жау, дау, байсалды
WhatsApp Telegram

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.

Ілмектер: ақылды, ер, адам, көңіл, аулау, күйзеліс, күншіл, дау
WhatsApp Telegram

Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.

Ілмектер: жалғыздық, батыр, жау, дау
WhatsApp Telegram

Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.

Ілмектер: дау, асыл, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.

Ілмектер: жаман, той, дау, тон, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жаман сөз дауға қалдырады.

Ілмектер: жаман, сөз, дау, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

«Бер» деген дауым болмаса,
«Ыңқ» деген ауруым болмаса!

Ілмектер: дау, ауру, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Үлкенмен бала дауласпас,
Қырғи мен сұңқар жауласпас.

Ілмектер: дау, жау
WhatsApp Telegram

Біреу ішуге су таппайды,
Біреу өтуге көпір таппайды.
Екі дәукес қосылмай,
Дау бітпейді тосылмай.

Ілмектер: су, көпір, дау
WhatsApp Telegram

Дау арқылы
Нарқын бұлдады.

Ілмектер: дау, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.

Ілмектер: жолдас, жау, дау
WhatsApp Telegram

Батырдың атын жау шығарады.
Шешеннің атын дау шығарады.

Ілмектер: батыр, дау, жау
WhatsApp Telegram

Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.

Ілмектер: түйе, лақ, төрт түлік мал, дау
WhatsApp Telegram

Дәйексіздің дауы бітпес.

Ілмектер: дәйек, дау
WhatsApp Telegram

Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.

Ілмектер: бас, ауру, дау, бақсы
WhatsApp Telegram