Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (39) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (62)

"қайғы" туралы Мақал-мәтелдер

"қайғы" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қайғы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұ дүниенің қайғысы көп.

Ілмектер: дүние, қайғы
WhatsApp Telegram

Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсіред,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.

Ілмектер: қайғы, қуаныш, мұң, көңіл
WhatsApp Telegram

Байлық — басқа машақат,
Ашкөздік — жаман әдет, серті қатты,
Өкініш артында оның қайғы жатты.
Бай болу, кедей болу — тағдыр ісі,
Мал іздеу — ерге әшейін машақат-ты.

Ілмектер: байлық, машақат, ашкөздік, әдет, жаман, қайғы, өкініш, кедей, бай, тағдыр
WhatsApp Telegram

Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.

Ілмектер: ақылсыз, қарт, өкініш, қарттық, есті, қайғы
WhatsApp Telegram

Аш қайғысын тоқ білмейді.

Ілмектер: тоқтық, аштық, қайғы
WhatsApp Telegram

Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.

Ілмектер: қайғы, жылау, жәрдем, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қайғылы әйел қара жамылғыш.

Ілмектер: қайғы, әйел, қырғыз мақалы, қара
WhatsApp Telegram

Қайғы жоқта қайғыру –
Өгей енеден айрылу.

Ілмектер: қайғы, ене, өгей
WhatsApp Telegram

Қар суық па,
Қайғың суық па?

Ілмектер: қайғы, қар, суық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қарыз алдың – қайғы алдың.

Ілмектер: қарыз, қайғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Басқаның қайғысы басымды ауыртпас.

Ілмектер: қайғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Біреуге – қайғы,
Біреуге – қуаныш.

Ілмектер: қайғы, қуаныш, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Басқаның байлығына қайғырма.

Ілмектер: байлық, қайғы, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қайғың көбейсе,
Қайғыңды ұмытарсың.

Ілмектер: қайғы, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.

Ілмектер: бас, мал, қайғы
WhatsApp Telegram

Адам баласы қайғысыз болмас,
Қайғысыз болса адам да болмас.

Ілмектер: қайғы, адам
WhatsApp Telegram

Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.

Ілмектер: қайғы, кісі, ит, түлкі
WhatsApp Telegram

Қайғысыз қара суға семіреді.

Ілмектер: қайғы
WhatsApp Telegram

Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.

Ілмектер: нар, жүк, қайғы, ер
WhatsApp Telegram

Мың қайғы,
Бір борышты өтемейді.

Ілмектер: қайғы, борыш
WhatsApp Telegram