Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (37) Өлеңдер (62) Мақал-мәтелдер (110) Ұлағатты сөздер (20)

"құс" туралы Мақал-мәтелдер

"құс" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "құс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.

Ілмектер: ағаш, құс, көрік, әйел
WhatsApp Telegram

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.

Ілмектер: ағаш, құс, адам, атақ, сөз
WhatsApp Telegram

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс
WhatsApp Telegram

Әскер — бектің қанаты,
Құс қанатсыз ұша алмайды.

Ілмектер: әскер, бек, қанат, құс
WhatsApp Telegram

Асыл құс аяғынан ілігер.

Ілмектер: асыл, құс
WhatsApp Telegram

Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.

Ілмектер: ақыл, ер, ақша, байлау, қыл, тұзақ, құс
WhatsApp Telegram

Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.

Ілмектер: ақша, ақыл, адам, көз, ашкөздік, тор, құс
WhatsApp Telegram

Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.

Ілмектер: құс, бала, жалғыз, жалғыздық
WhatsApp Telegram

Айласыз ау құрған
Құс ұстай алмайды.

Ілмектер: айла, құс, ау
WhatsApp Telegram

Қыран құс – ер жолдасы.

Ілмектер: құс, қыран, ер, жолдас
WhatsApp Telegram

Құс тұзаққа жем үшін түседі.

Ілмектер: тұзақ, құс
WhatsApp Telegram

Алса – құсым, алмаса – желпуішім.

Ілмектер: құс, желпуіш
WhatsApp Telegram

Көл тартылса құс қашар.

Ілмектер: су, құс
WhatsApp Telegram

Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.

Ілмектер: бөдене, құс, ұя, өкпе, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.

Ілмектер: жаман, жақсы, сұңқар, құс, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.

Ілмектер: жер, жұмыртқа, құс, аспан, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Құс ұясында не көрсе,
Соны алады.

Ілмектер: өнеге, құс, ұя
WhatsApp Telegram

Беталды ұшқан құс
Қонарға тал таппас.

Ілмектер: құс, тал
WhatsApp Telegram

Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.

Ілмектер: адам, құс, күклкі
WhatsApp Telegram

Қанатсыз құс –
Жапырақсыз ағаш.

Ілмектер: құс, ағаш, жапырақ, қанат
WhatsApp Telegram