"ақыл" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу.
Ілмектер:
ақыл
Ақыл — дос, ашу — дұшпан.
Ілмектер:
ақыл, дос, ашу
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ілмектер:
ақыл, білім
Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Ілмектер:
ақыл, алтын
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Ілмектер:
дос, ақыл
Ашу келсе - ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер?
Ілмектер:
ашу, ақыл
Жаманға айтқан ақыл,
Жапанға атқан оқпен тең.
Ілмектер:
жаман, ақыл
Мастық шалқығанда, ақыл тартылар.
Ілмектер:
мас, ақыл
Ақылдының айналасы — гүлстан.
Ілмектер:
ақыл, адам
Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.
Ілмектер:
сөз, тіл, ақыл
Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.
Ілмектер:
сөз, тіл, ақыл
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Ілмектер:
жаман, ақыл, талап, ұл, жас
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі