Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (57) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (441) Ұлағатты сөздер (235) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сөз" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"сөз" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Тілі бардың
Тіріде ақысы кетпейді.

Ілмектер: тіл, сөз
WhatsApp Telegram

Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.

Ілмектер: тіл, сөз
WhatsApp Telegram

Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.

Ілмектер: ата, мақал, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Аузын бағып айтқанның — аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Сөзі ырайлының —
Жүзі шырайлы.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.

Ілмектер: ақын, батыр, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Кедейге өлең айтқан да — шығын.

Ілмектер: кедей, сөз, тіл, өлең, шығын
WhatsApp Telegram

Дуасыз ауызға,
Судыраған сөз бітер.
Жылан мінез жауызға
Жеп қойғандай көз бітер.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.

Ілмектер: көңіл, құпия, тіл, сөз
WhatsApp Telegram

Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.

Ілмектер: әзіл, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Ілмектер: әділ, зіл, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Көргенінен көз ақы алады,
Сөйлегенінен сөз ақы алады.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.

Ілмектер: сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.

Ілмектер: өлең, адам, тіл, сөз
WhatsApp Telegram

Сақина — сәнге жатпас,
Айқай — әнге жатпас.

Ілмектер: айқай, тіл, сөз
WhatsApp Telegram

Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.

Ілмектер: жігіт, тіл, сөз, дау
WhatsApp Telegram

Төр төбесінде отырып,
Теріс сөйлегеннен түңіл
Есік алдында отырып,
Ерсі сөйлегеннен түңіл.

Ілмектер: тіл, сөз
WhatsApp Telegram