Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (40)

"дұшпан" туралы Мақал-мәтелдер

"дұшпан" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дұшпан" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Ілмектер: дос, дұшпан, күлкі
WhatsApp Telegram

Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.

Ілмектер: қас, дұшпан, піл
WhatsApp Telegram

Мың досың аз, бір дұшпаның көп.

Ілмектер: дос, дұшпан
WhatsApp Telegram

Надан достан тура дұшпан артық.

Ілмектер: надан, дос, дұшпан
WhatsApp Telegram

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Ілмектер: дос, қадір, арыстан, тышқан, дұшпан
WhatsApp Telegram

Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.

Ілмектер: ер, дұшпан, есек, тұсау
WhatsApp Telegram

Дос - егіз, дұшпан - сегіз.

Ілмектер: дос, дұшпан
WhatsApp Telegram

Дос жылата айтар,
Дұшпан күлдіре айтар.

Ілмектер: дос, дұшпан, жылату
WhatsApp Telegram

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ілмектер: дос, сыр, достық, дұшпан, өтірік
WhatsApp Telegram

Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.

Ілмектер: дұшпан, дос, жаман
WhatsApp Telegram

Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Ілмектер: дұшпан, дос, достық
WhatsApp Telegram

Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.

Ілмектер: жау, дұшпан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.

Ілмектер: дұшпан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.

Ілмектер: ауыз, дұшпан, қан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.

Ілмектер: хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан
WhatsApp Telegram

Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.

Ілмектер: дұшпан, дос
WhatsApp Telegram

Дұспанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.

Ілмектер: дұшпан, сыр
WhatsApp Telegram

Достан сырыңды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма.

Ілмектер: дос, дұшпан
WhatsApp Telegram

Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.

Ілмектер: қас, дұшпан
WhatsApp Telegram