Әке — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет
Бұл бөлімде "әке" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.
Ілмектер:
ақымақ, дос, әке
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
Ілмектер:
ұл, қыз, әке, шеше, ұят
Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.
Ілмектер:
бала, әке
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Ілмектер:
бала, әке, таяқ
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Ілмектер:
әке, ер, шеше, ана, қыз, сөйлеу
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ілмектер:
әке, іні, ырыс, тыныс
Әкеге баланың алалығы жоқ.
Ілмектер:
әке, бала
Сайына қарай — саласы,
Әкесіне қарай — баласы.
Ілмектер:
әке, бала
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Ілмектер:
әке, бала, қадір
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Ілмектер:
әке, ұл, ана, қыз
Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.
Ілмектер:
әке
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі