Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Қырғыз мақалы — Мақал-мәтелдер жинағы - 20-бет

Бұл бөлімде "қырғыз мақалы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Көріктіні қалап алғанша,
Сүйгеніңді сұрап ал.

Ілмектер: көрік, үйлену, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.

Ілмектер: жер, жұмыртқа, құс, аспан, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жылқы жаюға жылпос жігіт жарайды.

Ілмектер: жылқы, жігіт, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Иесі арам болса,
Биесі шабан болады.

Ілмектер: арам, ие, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Шапанды жағасынан киеді.

Ілмектер: шапан, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Арыстан алғанына қуанбайды,
Шалғанына қуанады.

Ілмектер: арыстан, қуану, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Кәріге жаны – дәрі.

Ілмектер: кәрілік, жан, дәрі, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.

Ілмектер: ауру, ем, қырғыз мақалы, денсаулық
WhatsApp Telegram

Жылау мен күлу – төркіндес.

Ілмектер: жылау, күлу, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Түшкірген қыз түксиген қыздың бетін тырнапты.

Ілмектер: түшкіру, қыз, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Таз тақиясымен таласар.

Ілмектер: талас, қырғыз мақалы, тақия, таз
WhatsApp Telegram

Көрсе – барымта,
Көрмесе – сарымта,
Барып алып кел.

Ілмектер: барымта, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Көсенің ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақыл, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ат туласа, есек бүлінеді.

Ілмектер: ат, есек, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қарт кебінін қапта сақта,
Өлігін апта сақта.

Ілмектер: қарт, өлік, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Мылтық марқаймайды,
Білім қартаймайды.

Ілмектер: білім, мылтық, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ұрған сайын көз шықпас,
Үрген сайын сөз шықпас.

Ілмектер: сөз, ұру, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Аттанды басқа салды,
Атағы Манасқа қалды.

Ілмектер: атақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Тірлігің – бірлігің.

Ілмектер: тірлік, бірлік, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Шайтан азғырса, арық аттамай-ақ аяғың сынады.

Ілмектер: шайтан, қырғыз мақалы, аяқ, сыну
WhatsApp Telegram