"ер" туралы Мақал-мәтелдер
"ер" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Ерін баққан әйел елін де бағады.
Ілмектер:
ер, әйел
Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
Ілмектер:
ер, әйел
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Ілмектер:
ел, ер, әйел, тәрбие
Ерге жаққан қатын елге де жағады.
Ілмектер:
ер, әйел, қатын
Өзіңді ер білсең,
Өзгені шер біл.
Ілмектер:
ер
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Ілмектер:
ер, қатын, жаман, бойдақ
Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.
Ілмектер:
ел, ер, көбелек
Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
Ілмектер:
айбын, ант, ер
Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.
Ілмектер:
ер, қару
Еменнің майысқаны сынғаны,
Ердің қайысқаны - өлгені.
Ілмектер:
емен, ер
Ер екі өлмейді, бір өледі,
Қорқақ шіркін күнде өледі.
Ілмектер:
қорқақ, ер
Елдің көркі - ерімен,
Отан көркі - жерімен.
Ілмектер:
ер, жер
Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.
Ілмектер:
ер, ел, ерлік
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Ілмектер:
соғыс, ер, жау, сын
Ердің жақсысы
Елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ең болмаса,
Жаулығымен, жеңімен ойласады.
Ілмектер:
ер, әйел, ақылдасу, жаулық, жең
Ақыңды ер жемейді,
Екінші - жер жемейді.
Ілмектер:
ақы, жер, ер
Ер көретінін көрмей
Көрге кірмейді.
Ілмектер:
ер, көр
Құс қарағына,
Ер жарағына.
Ілмектер:
құс, ер
Ер жігіттің басына
Нелер келіп не кетпес.
Ілмектер:
ер, жігіт
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі