Қол — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "қол" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
Ілмектер:
қол, пәле, тіл
Қолынан келген қырынан қояды.
Ілмектер:
қол, ептілік
Көсеуі ұзынның қолы күймес.
Ілмектер:
қол, көсеу
Көсеуі ұзынның қолы күймес.
Ілмектер:
қол, көсеу
Қолы ашықтың жолы ашық.
Ілмектер:
қол, жол
Сол қолыңды қазық
Оң қолыңды тоқпақ қыл.
Ілмектер:
қол
Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.
Ілмектер:
сөз, аяқ, қол, көз
Оң қолым, сол қолым,
Екеуі де өз қолым.
Ілмектер:
еңбек, қол
Қол — таразы,
Көңіл — қазы.
Ілмектер:
қол, көңіл
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
Ілмектер:
ас, қол
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Ілмектер:
бас, қол
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі