"ұл" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"ұл" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ұл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
Ілмектер:
келін, ұл, жақсы
Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.
Ілмектер:
қыз, ұл, өнер
Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
Ілмектер:
қыз, ұл, жалқау
Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.
Ілмектер:
қыз, ұл
Ұл баланың
Үй күшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың
Қыдырма болғаны жараспайды.
Ілмектер:
ұл, қыз, бала
Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.
Ілмектер:
қыз, ұл
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Ілмектер:
үй, қыз, ұл, жұлдыз
Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Ілмектер:
ұл, қыз, ырыс, өріс
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Ілмектер:
ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Ілмектер:
жаман, ақыл, талап, ұл, жас
Ұл туғанға —
Күн туған.
Ілмектер:
ұл, күн
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Ілмектер:
әке, ұл, ана, қыз
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Ілмектер:
ата, ана, қыз, ұл
Атасыз ұлдың ауызы үлкен.
Ілмектер:
ата, ұл
Аталы ұл — қожалы құл.
Ілмектер:
ата, ұл
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Ілмектер:
ата, ұл, дау
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Ілмектер:
ата, ұл
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
Ілмектер:
ұл, келін, туған, туыс
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Ілмектер:
жақсы, қыз, ұл
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі