Әйел — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "әйел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.
Ілмектер:
әйел, ашу
Екі әйел басы қосылса,
Үшінші әйелдің соры.
Ілмектер:
әйел, сор
Әйелдің күші жоқ, айласы көп.
Ілмектер:
әйел, айла, күш
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
Ілмектер:
әйел, шаш, ақыл
Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
Ілмектер:
алтын, әйел, еркек
Жаман әйел байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Ілмектер:
әйел
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Ілмектер:
бай, әйел, оймақ
Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Ілмектер:
ат, қатын, әйел, жас
Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.
Ілмектер:
жігіт, әйел
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Ілмектер:
ел, ер, әйел, тәрбие
Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
Ілмектер:
қатын, келін, әйел
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Ілмектер:
әйел, іс, ұят
Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.
Ілмектер:
әйел, еркек
Жетесіз әйел ер қадірін білмес.
Ілмектер:
әйел
Еркек үйдің – иманы,
Әйел – үйдің жиғаны.
Ілмектер:
ерке, үй, әйел
Атың жаман болса, сатып құтыларсың,
Әйелің жаман болса, қайтып құтыларсың.
Ілмектер:
әйел, ат
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
Ілмектер:
әке, әйел, ақша
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі