Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (69) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақымақ — Мақал-мәтелдер жинағы - 4-бет

Бұл бөлімде "ақымақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.

Ілмектер: ақымақ, ақыл
WhatsApp Telegram

Ақылды адам,
Ақымақтан да бірдеңе үйренеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақымақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Саудыраған сөз бітер.

Ілмектер: ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.

Ілмектер: ақымақ, өнеге, тәрбие
WhatsApp Telegram

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Ілмектер: ақымақ, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Жаманның ақылы қалтасында,
Ақымақтың ақылы балтасында.

Ілмектер: жаман, ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақымақ бұзуға бар,
Түзеуге жоқ.

Ілмектер: ақымақ
WhatsApp Telegram

Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.

Ілмектер: ақымақ, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды

Ілмектер: ақымақ, жалқау
WhatsApp Telegram

Милауға сөз ұқтырудан
Бураны кезіктіру оңай.

Ілмектер: сөз, ұқтыру, ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.

Ілмектер: ақылды, ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ
WhatsApp Telegram

Арыстан асқынса — айға шабар,
Ақымақ асқынса — анасын сабар.

Ілмектер: ақымақ, мінез-құлық
WhatsApp Telegram