"білім" туралы Мақал-мәтелдер
"білім" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "білім" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.
Ілмектер:
оқу, білім
Бойдағы білім шын зейнет,
Жұмсағанмен таусылмас.
Жинаған мал құр бейнет,
Біріне бірі қосылмас.
Ілмектер:
білім
Көп сөйлеген білімді емес,
Дөп сөйлеген білімді.
Ілмектер:
сөз, білім
Ырыс ауысады,
Білім жұғысады.
Ілмектер:
ырыс, білім
Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Ілмектер:
білім
Шам жарығы түбіне түспейді.
Ілмектер:
ақыл, білім
Ғылым — теңіз, білім — қайық.
Ілмектер:
ғылым, білім
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
Ілмектер:
ғылым, білім
Ғылым – теңіз, білім – қайық.
Ілмектер:
ғылым, білім
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Ілмектер:
білім
Оқу – білім азығы,
Білім – өмір шырағы.
Ілмектер:
білім
Білім – арзан, білу - қымбат.
Ілмектер:
білім
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ілмектер:
ақыл, білім
Білім - елге,
Су - жерге.
Ілмектер:
су, білім
Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез.
Ілмектер:
білім, талап
Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан бетер қасың жоқ.
Ілмектер:
білім, денсаулық
Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.
Ілмектер:
өнер, білім, жас
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі