Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ашу" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ашу" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ашу — адамның ең осал тұсы. Ашуға ерік берген жан сөзін де, ісін де бақылаудан шығарып алады. Ал бір ауыз ауыр сөз кейде мың кешіріммен де жазылмайтын жара қалдырады.
Ілмектер: ашу, сабыр, ақыл, өкініш, адам, нақыл сөз, авторлық сөз Азамат Төре
Менің ашуыма тию — ұйықтап жатқан арыстанды оятқанмен тең.
Ілмектер: ашу, арыстан, даналық сөз, нақыл сөз Азамат Төре
Ашудың мақсаты — кез келген кедергіні күшпен тез жою.
Ілмектер: ашу, мақсат, күш, кедергі Альфред Адлер
Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!
Ілмектер: ашу, кек, кесапат, қоғам, жау Альфред Адлер
Сəтсіздік — үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі — ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін қажеттілік.
Ілмектер: Сəтсіздік, жүрек, ашу, қатігездік Роберт Вальзер
Тәуір адам ашуы бір сәтке.
Ілмектер: адам, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нашар Үнді даналығы
Орташа адам ашуы жарты күнге.
Төмен адам ашуы бір күн, бір түн.
Нашар адам өмір бойы ашудан бос болмас.
Ашу — сол уақыттағы ессіздік.
Ілмектер: ашу, ессіздік, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций
Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.
Ілмектер: ашу, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт, мақтаншақ, қорқақ.
Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.
Ілмектер: ашу, ыза, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.
Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Шындықты айт, ашуланба. Сұрағанға азғантай болса да бер.
Ілмектер: Шындық, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда
Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
Ілмектер: Ашу, байсалдылық, жамандық, жақсылық, сараңдық, жомарттық, өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда
Басқа адамға да ашулануға мүмкiндiк берiңiз. Егер сiз дауыс көтерсеңiз, оның да дауыс көтеруге құқығы бар.
Ілмектер: ашу, ашулану, дауыс, құқық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон
Ашулану — аз уақытқа есуас болу деген сөз.
Ілмектер: ашу, ашулану, уақыт, есуас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда
Сен өзiңдi мейiрбан сезiнсең, мұны саған ашуланып, ала көзiмен қарайтын басқалар одан сайын сезiнедi. Iзгi адам бәрiнiң жолында кесе-көлденең тұратынын ұмытпа.
Ілмектер: мейірбан, сезім, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
Бiздiң ашуымыз немесе қапалануымыз өзiмiздi ызалануға мәжбүр еткен нәрседен гөрi бiзге көбiрек зардап шектiредi.
Ілмектер: ашу, қапалану, ыза, ызалану, зардап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Леббок
Ашу қысса ақырасың,
Ілмектер: ашу, қайғы, қуану, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
Өзiн сабырға жеңдiрген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштiрек.
Ілмектер: сабыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күшті, адам, ашу, жеңу Марк Аврелий
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі