Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (38)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Пікір" туралы Ұлағатты сөздер

"Пікір" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Бір нәрсе туралы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта алсақ, сол сөз өнері болады.

Ілмектер: пікір, қиял, көңіл, сөз өнері, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Қанша ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар.

Ілмектер: мектеп, ғылым, пікір Макс Шелер
WhatsApp Telegram

Адамның мінезі ешқашан да моральді пікірге негіз бола алмайды.

Ілмектер: адам, мінез, мораль, пікір Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір келеді, ал енді біреулер болса — тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш. Адамдардың бұл екі тобы да өздерінің əлсіздігін іштей сезетін болуы керек.

Ілмектер: сезім, әлсіздік, пікір Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Біз маңайымыздағыларға қатысты жиі ағат қадамдар жасаймыз, біздің олар туралы пікірлеріміз де көбіне-көп шындыққа жанаса бермейді.

Ілмектер: пікір, шындық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын əрекеттер бар.

Ілмектер: қоғам, пікір Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Пікір айту саласында мүмкін де, елес те ештеңе жоқ, мұнда бəрі — айқын.

Ілмектер: пікір Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Ескі жəне жаңа білімнің кереғарлығы пікір əлемінде тек салыстырмалы түрде ғана дұрыстық қалдыруға апарып соғады.

Ілмектер: білім, пікір, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Ақыл ойлап шығарған əрбір жаңа ақиқат — ескі, бұрынғы бар нəрсе туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес.

Ілмектер: ақыл, ақиқат, пікір, сын, ескі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Қарсы пікірлі қасыңнан табылса,
Шындығыңа жақындай түсесің.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пікір Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Моральдық құқы жоқ болсада пікір білдіргіштер көп, біткен іске сыншы көп деген осы-ау.

Ілмектер: құқық, пікір, сыншы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
WhatsApp Telegram

Мен «біз бүгін жаман ойнадық» деп көңілсіз пікір білдіріп, артынша ресторанға барып көңілді кеште ас ішетіндердің қатарынан емеспін.

Ілмектер: пікір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ресторан, ас Юрген Клопп
WhatsApp Telegram

Басқаның пiкiрiн құрметтеңiз.

Ілмектер: пікір, құрметтеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Әдетте қайшы пiкiрлердiң арасында ақиқат жатады деп есептеледi. Мүлде олай емес! Олардың арасында проблема жатады.

Ілмектер: пікір, ақиқат, проблема, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Өз ақылы туралы жоғары пiкiр ұстанған адамды үйреткiсi келген адам уақытын босқа жоғалтар.

Ілмектер: ақыл, пікір, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.

Ілмектер: пікір, теріс, сұрау, мән беру, маңызды, адам, эмоция, сын, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
WhatsApp Telegram

Ер жүректілік — тек тұрып, өз пікіріңді білдіру емес, отырып тыңдай білуде.

Ілмектер: ер жүрек, нақыл, пікір, қанатты сөздер, афоризм Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы, демек өміріңде қандай да бір пікіріңді қорғап қалған екенсің.

Ілмектер: дұшпан, өмір, пікір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Шегiнен асқан пiкiрлер ұқсас болады.

Ілмектер: шек, пікір, ұқсас, ұқсастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пiкiр әдетте көп ұзамай өзгередi, ал бұл өзгерiс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың.

Ілмектер: адам, пікір, жақсы, жаман, өзгеріс, нақыл, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram