Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (25)

Бақытсыздық— бұл өзіміз, ал бақыт— басқалар

Ілмектер: бақытсыздық, бақыт Жак-Ив Кусто

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: адам, өтірік, шындық, қорқу, бақытсыздық Блез Паскаль

Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.

Ілмектер: дос, бақытсыздық Наполеон Бонапарт

Өздерін бақытсыз адам деп есептейтіндер – бақытқа жетуге сәл-ақ қалғанда шыдамай кетіп қалған адамдар.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық, адам, шыдам, шыдамдылық Ник Вуйчич

Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі.

Ілмектер: адам, бақытсыздық, ақымақтық, ақымақ Ги де Мопассан

Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Ілмектер: жалған, соғыс, бақытсыздық, өтірік Бауыржан Момышұлы

Ақымақтың ұстазы – сөз емес, бақытсыздық.

Ілмектер: ақымақ, ұстаз, сөз, бақытсыздық Демокрит

Ең үлкен бақытсыздықтың артында көл-көсір береке барына сеніңіз. Себебі, біз сол арқылы өткенде осыған жете аламыз...

Ілмектер: бақытсыздық, береке Габриэль Гарсиа Маркес

Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ілмектер: рахмет, қызмет, бақытсыздық, оңбаған, алғыс, ризашылық Франсуа де Ларошфуко

Бақыт дегенiмiз бақытсыздықтан аулақ жүру дағдысы.

Ілмектер: бақыт, дағды, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов

Бақытсыздықта борышына адал болу — ұлы iс.

Ілмектер: Бақытсыздық, борыш, адал, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Адам өзiн әшкерелемес үшiн, ақиқатпен күресе бастағаннан өткен бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: ақиқат, күрес, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Бақытсыздықты суреттеп жазу оны бастан кешіру секілді тым қарапайым болса ғой!

Ілмектер: Бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эмиль Чоран

Біз жаратылған сәттен бастап мәңгілік бақытты БОЛУ үшін жаратылғанбыз (ерте ме, кеш пе, ол маңызды емес). Ал біз бақытсыздық деп санайтын нәрселердің барлығы иллюзия.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратылыс, мәңгілік, бақыт, бақытсыздық, иллюзия Нарша Булгакбаев

Бақытсыздық түбінде бәрібір ұмытылады, сіз жеңіп шығасыз, себебі сіз мәңгілік бақытты болу үшін жаратылғансыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, бақытсыздық, жеңіс, мәңгілік, жаратылыс Нарша Булгакбаев

Біз «күнәһар», «жаман адам» деп атайтын бақытсыздыққа ұшырағандар өзінің ішіндегі жағдайға және айналасындағы өмірге ақиқат тұрғысынан дұрыс қарамайды, сондықтан «тек менікі дұрыс, өмір дұрыс емес» деп шарасыздықпен сеніп, шынайы өмірмен байланысын жоғалтып алады, бұны тек жүрегін улап көрген адам ғана түсінеді және әлбетте ол оны әдейі жасамайды (себебі бұл дерт), барлығы Алланың рұқсатымен ғана болады (тура жол, адасу).

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақытсыздық, күнә, жаман, адам, шындық, Адасқан өмір Нарша Булгакбаев

Бақыттының бәрі қулықсыз емес, бақытсыздың бәрі арайсыз емес.

Ілмектер: бақыт, қулық, қу, бақытсыздық, бақытсыз, арай Нарша Булгакбаев

Өзгелердің бақытсыздығы туралы көп ойланатын адам өз басына түскен бақытсыздықты оңай көтереді.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақытсыздық Конфуций

Өзіңді бақытсыз сезіне бастасаң-ақ болды, солай болып шығады екен.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық Роберт Вальзер