Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2902)

Соғыста зиян алып келушілік — бұл жөнсіз төгілген қан, ақтаусыз кісі өлімі.

Ілмектер: соғыс, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қан, өлім Бауыржан Момышұлы

Әдебиетті жасайтын ой мен тіл.

Ілмектер: ой, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығаяды, бекиді, қатая түседі.

Ілмектер: Сын сағат, бауырмалдық, ынтымақтастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды.

Ілмектер: Техника, парасат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыс ұзақ жылдарға Отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді.

Ілмектер: соғыс, тағдыр, отан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Отты су сөндіреді, махаббат отын опасыз сөндіреді.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Халық өлмейді.

Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыс — халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан.

Ілмектер: Соғыс, халық, күш-қуат, ерлік-жігер, емтихан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Парыздан биік шың жоқ.

Ілмектер: парыз, шың, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жолдас көп. Кім қаншаға баратыны жол айрығында көрінеді.

Ілмектер: жолдас, дос, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.

Ілмектер: дүние, қайғы, жауын, қуаныш, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әдебиет, музыка, живопись — барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері — өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.

Ілмектер: Әдебиет, музыка, живопись, ата-баба, даналық сөздер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Техника қаншама жетілгенмен, дамығанымен, бәрібір күрестің құралы ретінде қалады.

Ілмектер: Техника, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күрес Бауыржан Момышұлы

Адамның жан-дүниесі — ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

Ілмектер: Адам, жан-дүние, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сөнген отты қайта жағуға болады, сөнген махаббатты қайта жағуға болмайды.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адам бойындағы басты сезім — парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

Ілмектер: сезім, парыз, сезім, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

Ілмектер: әлем, парыз, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жақсысын көріп жаманын көрмеген алданады.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арман дегеннің таудайы, түймедейі бар. Өзіңнің түймедейің басқаның тауындай көрінбесін.

Ілмектер: арман, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Өнер ертеден-ақ халықтың өмір — тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман — үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған.

Ілмектер: Өнер, өмір, халық, арман, үміт, сана, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы