Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (32)

"сын" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "сын" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.

Ілмектер: ат, сын Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак
WhatsApp Telegram

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ілмектер: жігіт, сын Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы
WhatsApp Telegram

Орынды сын ойлантпай қоймайды

Ілмектер: сын, сын айту Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.

Ілмектер: достық, сын Джордж Вашингтон
WhatsApp Telegram

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады

Ілмектер: сын, талдау, адам, көз ашу Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram