Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"мәдениет" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "мәдениет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Мәдениеттің мәйегі - кітап.
Ілмектер: мәдениет, кітап, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза
Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.
Ілмектер: білім, мәдениет Ғабит Мүсірепов
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Ілмектер: адам, ана тілі, әдебиет, мәдениет Мұхтар Әуезов
Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мәдениет элементтері деп кім айта алады?!
Ілмектер: көшпелілер, мұра, мәдениет Олжас Сүлейменов
...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.
Ілмектер: ғылым, мәдениет, дүние Мұхтар Әуезов
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек
Ілмектер: адам, жас, мәдениет, білім Уинстон Черчилль
Сыпайы болудан сіз ешнәрседен ұтылмайсыз. «Жоқ» деп айтуға мәжбүр болатын жағдай болады, бірақ оны мәдениетті түрде, шынайы себептерін түсіндіре отырып жеткізіңізші... Не себепті «Жоқ» екенін маған түсіндіріңізші. «Жоқтың» орнына «Иә» деп айтпай-ақ та қойыңыз... Егер «Жоқ» деп айтуға шынайы себептер болса, жауабыңыз «Жоқ» болып қала берсін, бірақ оны сыпайы жеткізіңіз.
Ілмектер: сыпайы, сыпайылық, мәдениет Ли Куан Ю
Балалар сіздің сөзіңізден сіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.
Ілмектер: бала, мәдениет Антон Макаренко
Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.
Ілмектер: ел, тіл, мәдениет Халел Досмұхамедұлы
Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.
Ілмектер: мәдениет, тіл Олжас Сүлейменов
«Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады.
Ілмектер: мәдениет Олжас Сүлейменов
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы
Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері.
Ілмектер: мәдениет, адам, өнер Олжас Сүлейменов
Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.
Ілмектер: мәдениет Сергей Капица
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ілмектер: халық, тіл, ана тілі, жастар, білім, мәдениет, тіл туралы Ахмет Жұбанов
Тәуелсiздiгiн жаңадан алған елдердiң көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсiздiгiн елу жыл бұрын алғандарға қарағанда өзiнiң саяси инфрақұрылымында, саяси дәстүрi мен мәдениетiнде төзiмдiлiк сапасы төмендеу екенiн естен шығармаған жөн.
Ілмектер: тәуелсіздік, тарих, дәстүр, мәдениет Нұрсұлтан Назарбаев
Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
Ілмектер: Еуропа, мәдениет, мінез, хайуан Әлихан Бөкейханов
Microsoft басты мәселесі, олардың талғамы жоқ. Расында да, талғамсыз. Олар шығармашылық туралы ойламайды. Олардың өнімдерінде мәдениет жоқ. (Triumph of The Nerds. 1996 жыл.)
Ілмектер: microsoft, мәдениет, талғам Стив Джобс
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі