Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (28)

Надан — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "надан" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

Ілмектер: шындық, надан, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Әркім — ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе — наданның кейпін киіп,
Надан ішсе — жасайды масқараны.

Ілмектер: шарап, мастық, білім, надан Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Ілмектер: бастық, надан, маман, ой, қызметкер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Надандар білімді адамды көре алмайды.

Ілмектер: надан, көре алмаушылық Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Ілмектер: надан, надандық, ақымақтық, дос, қанжар Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.

Ілмектер: адам, надан Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.

Ілмектер: надан, түсінбеушілік Имам Тақи
WhatsApp Telegram