Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (28) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (39)

"Сабыр" туралы Ұлағатты сөздер

"Сабыр" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Сабыр" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Шыдамдының айы оңынан туар.

Ілмектер: шыдамдылық, сабыр, сабырлық Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ұстамды бол, сабыр ет!

Ілмектер: сабыр, ұстам Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр шыдам қыл.

Ілмектер: күн, сабыр, шыдам Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Не болса да - сабыр қыл.

Ілмектер: сабыр Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері.

Ілмектер: сабыр Шортанбай Қанайұлы
WhatsApp Telegram

Сабыр - ақылдың серігі.

Ілмектер: сабыр, ақыл, серік Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Ұстамсыз бәлеге ұрынар.

Ілмектер: бәле, сабырлық, сабыр Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Үлкен арман сабырда жатады.

Ілмектер: арман, сабыр Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен.

Ілмектер: ақыл, парасат, сабыр Иоганн Лафатер
WhatsApp Telegram

Сабыр - сауап.

Ілмектер: сабыр, сабырлық Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.

Ілмектер: сабыр, жақсылық, үміт Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.

Ілмектер: бақыт, сабыр, адам Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

Ілмектер: сабыр, шыдамдылық, адамгершілік Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,
Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.

Ілмектер: сабыр, қуаныш, бәле, қайғы, реніш Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Өз ашуын өзі баса білген адам - күшті адам.

Ілмектер: ашу, сабыр, Адамдық борышың Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ілмектер: ақыл, ой, талап, сабыр, халық, арман, ар, өмір, сыйластық Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Ілмектер: ақыл, адам, Сабыр Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

Ілмектер: еңбек, төзім, сабыр Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram