Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (71) Өлеңдер (88) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (53)

Соғыс — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "соғыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.

Ілмектер: қоғам, өмір, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Сен әруақытта қазiргiдей бiр көрiнiстi көресiң: адамдар некеге отырады, бала өсiредi, ауырып-сырқайды, өледi, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейдi, жағымпазданады, тәкаппарлық жасайды, қастық iстейдi, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйедi, қазына жинайды. Құрметтi лауазымдар мен таққа таласады.

Ілмектер: көрініс, неке, ауру, өлім, өмір, соғыс, той, саяхат, жағымпаздық, тәкаппарлық, қастық, көңіл, лауазым, тақ, талас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий
WhatsApp Telegram

Егер біз соғысты жоймасақ, соғыс бізді жояды.

Ілмектер: соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт
WhatsApp Telegram

Бейне қала қақпасы үшін соғысқандай, ұлт өзінің заңы үшін соғысуы керек.

Ілмектер: бейне, қала, қақпа, соғыс, заң, ұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Дүние соғыстан жаратылады және соғыстан күйреп тынады.

Ілмектер: дүние, соғыс, күйреу Гераклит
WhatsApp Telegram

Бізге соғыс деген — өлім дейді. Жоқ, соғыс — өз-өзін өлтіру.

Ілмектер: соғыс, нақыл, қанатты сөздер Рамсей Макдональд
WhatsApp Telegram

Соғыс кезінде заңның үні өшеді.

Ілмектер: соғыс, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон
WhatsApp Telegram

Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады.

Ілмектер: адамзат, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Кеннеди
WhatsApp Telegram

Бізге Үшінші дүниежүзілік соғыс керек емес. Капитализм, коммунизм мен туризмнің өздері-ақ жетіп жатыр.

Ілмектер: дүниежүзілік соғыс, соғыс, Капитализм, коммунизм, туризм, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оливер Хассенкамп
WhatsApp Telegram

Адамдарды үйретпей соғысқа аттандыру — оларды сатып кету деген сөз.

Ілмектер: соғыс, адам, нақыл, афоризм Конфуций
WhatsApp Telegram

Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.

Ілмектер: халық, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бiрге соғысады, үлеске келгенде құм асайды.

Ілмектер: халық, соғыс, құм, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Жеңімпаздар алдымен жеңеді, тек содан кейін соғысқа барады, ал жеңілгендер шабуылдаған соң жеңісті іздей бастайды.

Ілмектер: жеңімпаз, жеңіс, соғыс Сұн Зы
WhatsApp Telegram

Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.

Ілмектер: соғыс, даңқ, қанатты сөздер, афоризм Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.

Ілмектер: ұлт, соғыс, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі.

Ілмектер: соғыс, нақыл, афоризм Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар

Ілмектер: соғыс, нақыл, момын, афоризм, той, думан Шыңғыс хан
WhatsApp Telegram

Мен үшін ең қиын соғыс — әйелім Оливиемен болған соғыс.

Ілмектер: соғыс, әйел Ескендір Зұлқарнайын
WhatsApp Telegram

Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.

Ілмектер: соғыс, өнер, жоспар, тәсіл Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram

Саясаттың ең соңғы мақсаты - соғыс.

Ілмектер: саясат, соғыс Адольф Гитлер
WhatsApp Telegram