Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (32)

"сын" туралы Ұлағатты сөздер

"сын" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сын" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.

Ілмектер: ат, сын Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак
WhatsApp Telegram

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ілмектер: жігіт, сын Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы
WhatsApp Telegram

Орынды сын ойлантпай қоймайды

Ілмектер: сын, сын айту Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.

Ілмектер: достық, сын Джордж Вашингтон
WhatsApp Telegram

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады

Ілмектер: сын, талдау, адам, көз ашу Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram