Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (161) Ұлағатты сөздер (25) Әзіл, анекдоттар (1)

Туыс — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "туыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: туған, туыс, абысын, ағайын, ел Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң артық сөз қуыспау керек.

Ілмектер: туыс, сөз, туыстық Әйтеке би
WhatsApp Telegram

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туысқан, жақсы, жаман, көре алмаушылық Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар.

Ілмектер: ақша, туыс, дос, ақыл Марк Твен
WhatsApp Telegram